Құрметті ата - аналар!
«Аминка - витаминка» балабақшасына қош келдіңіздер!
Біздің мектепке дейінгі мекеме 2017ж 1 - тамыз айынан бастап «Аминка - витаминка» балабақша болып құрылған.
- 65 бала осы кунге дейін балабакша мекемесінде тәрбиеленеді. 1.6 жастан 6 жасқа дейінгі, 5 топта тәрбиеленетін бала;
- Өз жұмысын жақсы көретін білікті педагогикалық команда;
- Инновациялық бағдарламалар мен әдістер, оларды енгізу сіздің балаларыңыздың тиімді физикалық, интеллектуалды, әлеуметтік, моральдық және эстетикалық дамуына қол жеткізуге мүмкіндік береді;
- Баланың психологиялық тұрақтылығы мен эмоционалдық дамуы;
- Ата - аналардың әрқайсысына құрметпен қарау. Біздің балабақша, білім беру мен тәрбиелеу үдерісін ұйымдастырып қана қоймай, сонымен қатар, өз құндылықтарын, тарихын және дәстүрлерін меңгерген адам, ел азаматтарын тәрбиелейтін балабақша. Ішкі мәдениетке ие кең ой - өрісі бар адамдар шығармашылық және өздігінен ойлана алады.
Біз сіздерге және балаларыңызға әрдайым қуаныштымыз!
https://indigo-nursultan.e-orda.kz/kz/view/30163
2 жастан 6 жасқа дейін балаларды қабылдаймыз
Жұмыс кестесі 08:00 - ден 19:00 - ге дейін
Толық күндік жұмыс істейтін "Балабақша «Аминка - витаминка» 4 топ жұмыс жасайды
- 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қабылдаймыз
- Жұмыс кестесі: 08:00 - ден 19:00 - ге дейін
- 5 мезгіл тамақ (таңғы ас, витаминді таңғы ас, түскі ас, бесін ас, кешкі ас)
- Таңертеңгілік фильтр
- Типтік оқу бағдарламасымен жұмыс істейміз
- Ваучерлік қаржыландыру
- Анықтама бойынша қайта есептеу жасаймыз
- 60 күн демалыс беріледі
- Бейнебақылау бар
Өз орныңызды алуға асығыңыз!
Төлем:
- Ваучермен - 42 800 теңге
- Бір отбасынан 2 немесе 3 балаға 10% жеңілдік - 38520 теңге
- Коммерциялық баға - 55 000 теңге.
Балабақша 2017 жылдың 01 шілде айынан бастап іске қосылып, мектепке дейінгі ұйымдарға арналған нормативтік актілерді негізге ала отырып жұмыс жасайды. Жобалық қуаты - 65 орын. Оның ішінде 4 топ : Мемлекеттік тілде тәрбиеленіп, оқытылады - 2 топ. Оның ішінде: кіші топ - 1; аралас топ - 1; (4жас, 5 жастағы балалар)
Орыс тілінде тәрбиеленіп, оқытылады - 2 топ. Оның ішінде: ортаңғы топ - 1; аралас топ - 1; (4жас, 5 жастағы балалар)
Тәрбиелеу - білім беру процесінде:
әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу жүзеге асырылады;
балалардың құқықтарын, өмірін қорғау, денсаулығын нығайту қамтамасыз етіледі;
салауатты өмір салтының негіздері, қауіпсіз өмір сүру дағдылары, қимыл - қозғалыс, бейімделу, коммуникативтік, әлеуметтік - эмоционалды, когнитивтік дағдылар, өзіне, отбасына, құрдастарына, қоршаған ортаға адамгершілік қарым - қатынасы, тәрбиеленушілердің қарым - қатынас мәдениеті, ұлттық бірегейлік пен азаматтық негіздері, патриотизм қалыптасады;
тәрбиеленушілердің физикалық, зияткерлік, танымдық - сөйлеу, көркем - эстетикалық, шығармашылық қабілеттері дамиды;
Отанға, ана тіліне сүйіспеншілік тәрбиеленеді;
баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық, әлеуметтік дайындығы үшін тең бастапқы мүмкіндіктер беріледі.